Не болды?
Алты айдан кейін электромобиль көліктерге жасыл нөмір беріледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Сенат депутаттары бірінші оқылымда цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көлік саласындағы озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Құжат бойынша, енді электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі. Алайда бұл өзгерісті көлік иелері жасыл нөмірді бірден пайдалана алмайды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің сөзіне қарағанда, жасыл түсті көлік нөмірлерін дайындауға мемлекеттен қаражат бөлінбейді.
Электромобильдерге арналған арнайы мемлекеттік нөмірлерді дайындауға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Себебі тек нөмірдің түсін өзгерту қарастырылып отыр (жасыл түске). Біз бұл норманы алты айға кейінге қалдыруды ұсынып отырмыз. Осы уақытта жеткізуші тарап барлық жұмыстарды пысықтайды. Бұл өгеріске бюджеттен бірде-бір теңге жұмсалмайды, – дейді ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Контекст
Естеріңізге салайық, мәжіліс отырысында депутат Арман Қалықов бензин немесе газбен жүретін көлік пен электромобильді ажырата алу үшін бөлек мемлекеттік нөмір тағуды ұсынған еді.
