«Буынсыз адам» Қытайда бақ сынайды

“Байқау басында командалық болып басталған, кейіннен әркім өз бетінше өнер көрсететін болды. Көрермендерді, әділқазы алқасын таңқалдыру керек. Сонымен жартылай финалдамыз бұйырса”, – деді цирк әртісі Айдос Тоқтарбаев.

Қазір Ван Дамның танымал трюгін қайталайтын цирк артисі, шпагатқа отырып, екі аяғымен көлік сүйрейді екен. Трюк өте қауіпті. Өйткені көліктің салмағы 1 тонна болса, кейін оның үстіне 50 келі болатын 4 қап цемент салынады.

Айдостың сөзінше, шпагатқа отырып үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін жаттығуды күніне үш төрт рет жарты сағаттай жасау керек. Тұрақты түрде машықтанудың нәтижесі 2 аптадан кейін-ақ көрінеді бастайды. Ал, мамандардың айтуынша, қыз балаға шпагатқа отыру зиянды. Өмірге ұрпақ әкелу мүмкіндігі кемиді. Ал, ер адамға зиян жоқ.

Дереккөз31.kz