Премьер-министр неге «Спутник V» вакцинасын салғызды?

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы уақытқа дейін Үкімет басшысына коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес берілмеген, себебі антиденелер жеткілікті деңгейде болған.

Айта кетейік, Мамин 2020 жылы коронавирус жұқтырып, симптомсыз ауырып шыққан.

Асқар Мамин «Спутник V» қазіргі уақытта Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілетін және Қазақстанда жаппай қолжетімді вакцина болғандықтан салдырды, — деді премьер-министрдің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілген «Спутник V» вакцинасын салдырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да