Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министрі Асқар Мамин биылғы 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина алды. Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын алды. Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ, — делінген хабарламада.

Бүгінде Қазақстанда 2,8 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 1,7 миллионнан астам адам екінші компонентін алды.