Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салғызды

Фото Алексей Цойдың Facebook-парақшасынан алынды

QazVac-тың екінші екпесін салғыздым. Біріншісіндей өзімді жақсы сезінемін. Ешқандай әсері жоқ. Вакцина — пандемиядан құтылудың ең тиімді және жалғыз жолы, — деп жазды ведомство басшысы.

Еске салайық, 26 сәуірде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын тікелей эфирде салдырды.

Қазақстандық вакцинаны сонымен бірге білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, президент көмекшісі Ерлан Қарин салғызды.