Алексей Цой QazVac вакцинасын тікелей эфирде салғызды

Қазақстанда 26 сәуірде биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында шығарылған отандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасы салына бастады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасымен екпе алды.

Алексей Цой, вакцина
Хабар 24 тікелей эфирінің скрині

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ведомство басшысының коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны тікелей эфирде салдыратынын хабарлаған еді.

Қазақстандық денсаулық сақтау министрлігі басшысының вакцинациялау рәсімін 26 сәуірде, таңғы сағат 08:45-те Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде және ведомствоның Facebook-тегі ресми аккаунты арқылы көруге болады, — делінген хабарламада.

23 сәуірде «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясы жеткізілді.