Қазақстан құрамасы спортшыларының киім үлгісі анықталды

Байқау комиссиясының қарауына негізінен екі жұмыс келіп түскен. Солардың арасынан үздігі таңдап алынған. Бұл туралы Z Industries компаниясының өкілі Данияр Тебаев айтып берді.

— 250 жинақ киім тігеміз. Материалдың сапасы барлық талапқа сай, аязға төзімді болады. Жеңімпаздың киім үлгісінде көк, көкшіл және ақ түс бар, — деді Z Industries компаниясының өкілі.

Данияр Тебаевтың айтуынша, байқауға студенттер мен оқушылар қатысқан. Жеңімпазға құрама киетін киім сыйға тартылады.

Айта кетейік, Универсида-2017 Алматы қаласында қаңтардың 29-ынан ақпанның 8-іне дейінгі аралықта өтеді. Оған әлемнің 57 елінен 2 мыңнан аса спортшы қатысады. Ауқымды шараға 30 мыңға тарта шетелдік қонақ келеді деп күтілуде. Алматы универсиадасын әлемнің 80 елінде 1 млрд көрермен тамашалайды.

Дереккөзegemen.kz