Еліміздегі бас шырша жағылды

Биылғы бас шырша «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы жанында құрылды. Елбасының өзі салтанатты түрде шамдарын жағатын Бас шыршаның Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатыны туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

«Биыл еліміздің бас шыршасы былтырғыдай «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алаңында орнатылады. Осы жылы бас шыршаның шамдарын жағу салтанаты дәстүр бойынша бірінші желтоқсанда емес, 18 желтоқсан күні өтеді», — деген еді Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Тәуелсіздік күні мерекесі биыл ғана өз деңгейінде аталып өтілді.

Айта кететін бір жай, соңғы бірнеше жылдан бері Шымкент, Қарағанды қалаларының әкімдері қалалық бас шыршаны Тәуелсіздік мерекесінен кейін жағып келеді.

Дереккөзbaq.kz