Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 208 мыңнан асты

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 24 476(+72);
Алматыда — 24 359(+101);
Шығыс Қазақстан облысында — 21 610(+52);
Атырау облысында — 16 939(+24);
Павлодар облысында — 17 035(+96);
Қарағанды облысында — 15 098(+40);
Ақмола облысында — 13 177(+73);
Батыс Қазақстан облысында – 12 577(+39);
Солтүстік Қазақстан облысында — 12 098(+38);
Қостанай облысында — 11 918+(67);
Алматы облысында — 10 476(+37);
Шымкентте — 6 072(+13);
Жамбыл облысында — 5 855(+16);
Түркістан облысында — 4 247(+3);
Маңғыстау облысында — 4 202(+3);
Ақтөбе облысында — 4 191(+13);
Қызылорда облысында — 3 787(+12).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 208 117-ге жетті, 191 739 жазылып шықты. 2 699 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

20 ақпандағы мәлімет бойынша 13 дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 195 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 48 983 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, оның 40 765-і жазылды. 612 науқас қайтыс болды.