Елімізде коронавирус және пневмониямен ауырғандар саны азайды

Жаңа дерек Алматы қаласы мен Павлодар облысында көп тіркелді. Кейінгі тәулікте Алматыда 112, Павлодар облысында 100 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 24404(+53),
Алматыда — 24258(+102),
Шығыс Қазақстан облысында — 21558(+55),
Атырау облысында — 16915(+33),
Павлодар облысында — 16939(+100),
Қарағанды облысында — 15058(+53),
Ақмола облысында — 13104(+81),
Батыс Қазақстан облысында – 12538(+65),
Солтүстік Қазақстан облысында — 12060(+36),
Қостанай облысында — 11851+(69),
Алматы облысында — 10439(+59),
Шымкентте — 6059(+8),
Жамбыл облысында — 5839(+19),
Түркістан облысында — 4244(+4),
Маңғыстау облысында — 4199(+9),
Ақтөбе облысында — 4178(+13),
Қызылорда облысында — 3775(+7).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 207 418-ге жетті, оның 191 097-і жазылды. 2 694 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

19 ақпандағы мәлімет бойынша 38 дерек тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 234 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырғандар саны – 48 970, өлім жағдайлары — 610, жазылып шыққандар – 40 570 адам.