Астанада аспаннан үш күн көрінді

Мұндай құбылысты «гало» деп атайды. Мұндай атмосфералық оптикалық құбылыс қыста қатты аязда пайда болады, мамандар аспанды қаз бауыр бұлт басқанда, мұздан тропосфераның жоғарғы қабатында 5-10 шақырым биіктікте пайда болады деп санайды.

Астанада орын алған ерекше құбылысты жергілікті тұрғындар фотоға түсіріп үлгерген. Олар фотоларымен желіде белсенді бөлісуде.

«Аспанда бірден үш Күн пайда болды — жақсы нышан», — деп жазған фото авторларының бірі Әсел Кереева.

Галоны кез келген уақытта көруге болады. Түнде Айдың өзі де үш жерден көрініп жатады. Бұған ылғалды әрі суық ауа райы себеп.

Дереккөзnur.kz