Қазақстанның бірнеше аймағындағы жолдар жабық

«8 желтоқсан сағат 18.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, қар, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) «Астана-Петропавл» (18-231 шақырым аралығы), «Көкшетау-Атбасар» (4-184 шақырым), «Жақсы-Есіл-Бұзұлық» (0-82 шақырым), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым), «Екатеринбор-Алматы» (856-916 шақырым) тас жолдары барлық көлік түрлері үшін жабылды», — делінген Комитеттің сайтында.

Сондай-ақ осы уақытта бұрқасын мен күшті желдің салдарынан «Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар күре жолда барлық көліктің қозғалысына тыйым салынды.

ДереккөзҚазАқпарат