Астанада мұқтаж жандарға тегін нан таратылып жатыр

Елорда әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Астана — мейірімді қала» жалпықалалық қайырымдылық акциясына қала іскерлері де қолдау көрсетіп жатыр.

Акцияға алғашқылардың бірі болып қосылған «5 минут» сауда-ритейл желісі қаланың әлеуметтік әлсіз тұрғындары үшін тегін нан тарату бойынша қайырымдылық акциясын қолға алды. Мұқтаж азаматтарға арналған тегін нан дүкен сөрелеріне қойылды.

Шара қайырымды жандардың және желі иесінің қаржысына іске асырылуда. Қазіргі кезде қайырымдылық акция күнделікті негізде супермаркеттер желісінің үш дүкенінде өткізілуде, олардың мекен-жайлары: Жеңіс даңғылы, 55; І. Есенберлин к-сі, 2/1; Ғ. Мұстафин к-сі, 13.

«Астана — мейірімді қала» акциясына ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Акция туралы толық ақпаратты Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан алуға болады.

ДереккөзAstana.gov.kz