Алматыда жас кәсіпкерлердің Диалогтық форумы өтті

Шара аясында «Bolashak Business Talks» – жас новаторлар, бизнесмендер, кəсіпкерлік пен инновация саласындағы сарапшылардың өзара тəжірибе алмасуына арналған нетворкинг алаңы құрылды.

Форум спикерлері қатарында «DiningSmart», «Keremet Art» және «Foodystan» жобаларының негізін қалаушы Жібек Қараманова, ТОО KunTech компаниясының негізін қалаушы Дияз Байсеитов, ТОО JABE-тың негізін қалаушысы Гульжан Калиева және Bolashak Engineering компаниясының Алматы қаласындағы филиалының басшысы Бауыржан Усманов болды.

Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының директоры Қымбат Бейсекина, Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Олжас Қанапияев және Selfmade жобасының жетекшісі Даурен Бабамуратов сөз сөйледі.

Семинар-тренингтерде «Жобалар жəне өзгерістерді басқару», «Қазақстандық IT стартап – шын немесе қиял?», «Идеядан 10,000 қолданушысы бар төл IPhone-қосымшасына 12 аптада жету» тақырыптары талқыға салынды. Форум соңында «Young Entrepreneurs Store» – сауданы көтеру және тұтынушыларды шақыру мақсатында уақытша (1 күн) сауда алаңы ұйымдастырылды.

Шара Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы аясында қала жастары арасында кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру мақсатында өткізілді.