Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 270 километр қашықтықта болған. Бірінші дүмпу Астана уақыты бойынша сағат 08.53-де тіркелді. Оның қуаттылығы 4,6 магнитуданы құрайды. Ол 20 километр тереңдігінде болған.
Ал екінші дүмпу 08.55-те Алматыдан 269 километр қашықтықта тіркелген. Жер сілкінісінің қуаттылығы 4,4 магнитуданы құраған.
Алматы қаласында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат жоқ.
