Қызылордада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Облыс орталығы Қызылорда күні қарсаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Қызылорда жәрмеңке
Фото: Ермұрат Назарұлы

26 қыркүйек күні жеті аудан мен қаладағы шаруалар 1 555 тонна өнім әкеліп, нарық бағасынан арзан бағада сатады.

Біз «Егіс алаңнан сөреге дейін» қағидаты бойынша жұмыс істеп жатырмыз, яғни шаруалар өнімдерін еш делдалсыз сата алады. Көкөніс, жеміс-жидек, күріш, ет, балық және сүт өнімдерінің барлық түрі әкелінеді. Аудандарға орындарын бөліп бердік. Санитарияның барлық талабын сақтап ұйымдастырамыз, — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Барлық аудан мен қаладан 414 көлікпен 265,6 миллион теңгенің өнімі әкелінеді.