Қызылорда облысында «Сапалы жол — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Сапалы жол — адалдық алаңы» жобалық кеңсенің негізгі концепциясы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз байланысты ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобалық кеңсенің қызмет бағыттары:

1) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

2) қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу;

3) парасаттық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеу қағидаттарын енгізу;

4) бизнес процестерді жетілдіру және оңтайландыру.

Елбасының тапсырмасымен жергілікті жолдар желісін ұлғайту және одан әрі дамыту мақсатында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды.

Бұл бағдарлама бойынша биыл жол желісін дамытуға республикалық бюджеттен 11 794,0 миллион теңге, облыстық бюджеттен 9 551,0 миллион теңге бөлініп,  ұзындығы 488 км автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеу жоспарланған.

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында  «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс бойынша арнайы мониторинг тобы мүшелері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарыныңпроблемалықучаскелеріне, жолдыңқысмезгіліндегіжай-күйіне, автомобиль жолдарын салу, жаңғырту, жөндеу және күтіп-ұстауы жылжымалы зертханамен бақыланып жатыр. Жылжымалы зертхана арқылы жалпы 21 ақау анықталып, берілген ұсыныстар нәтижесінде оның 17-і жойылды, қалғаны бойынша жұмыс істеліп жатыр.