Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
Baribar Media–ға ұсыныс, алып-қосар ойыңыз болса мұнда жазыңыз: Электрон пошта:[email protected] Телефон: +7 (702) 455-60-77
Сайтқа жарнама орналастыру бойынша сұрақты мұнда жолдаңыз: Электрон пошта:[email protected] Телефон: +7 (708) 351-15-77
Жаңа жылда жұртшылықты жағымды жаңалықтармен жарылқамақшымыз!
Жарықтың жылдамдығындай жылжыған жылдарымыздағы жақсылықтарымызды жаңа жылдарымызға жинастыра жетейік. Жаратқан жағымсыз жаңалықтарды жанымызға жуытпасын! Жақсылықтарға жиналған жиналыстарымыз жылдағыдан да жиілей жүрсін. Жарқын жүздеріңізге жылулық және жайдарылық жиналсын!
Жаратқанымыздан жеткен: «Жақсының жақсылығын жариялай жүр, жүзі жадырасын» жайымен, жергілікті жұртшылығымыздағы жаны жомарт жандарымыздың жасаған жақсылықтарын жариялай жүрейік. Жаңа жылда да жомарт жігіттеріміз жесірін жылатпай, жетімін жебей жүрер.
Жұмыстарыңыздың жемісіне жанұяларыңның жалғасымен жетіңіздер. Жұмысбасты жандарымыз жасап жатқан жұмыстарының жемісіне жақсылықпен жетсін! Жаратқан жүректеріңізде жылулық жіберіп, жаннаттың жемісін жеуге жазсын. Жалғыздар жанына жақын жандарымен жолықсын.
Жаңа жылға жоспарланған жұмыстарыңыз жеңіл және жемісті жүрсін! (Жылдағыдай) жаңа жылда жалақыларыңыз жоғарыласын.
Жаңа жылдан жаңа жылдарға жамандықтарды жуытпай, жақсылықпен жетейік!
Жаратқан жамандықты жуытпасын.
Жақсылыққа жұртымыз жуықтасын.
Жаңа жылда жақын, жекжат, жамағатты
Жақсылықпен жүректерін жылытарсың.
Жеңіс жалауын желбіретер жеңісті жылдарда жемісті жаңалықтармен жолыққанша, жерлестер!
Жаңа жылдық жақсылықтарды жүректен→ жүректерге жеткізген: Жанар
мен санап көрмеппін. неше сөз екенін. Жылан жылы жазылған жазбам еді)
1 Пікір