Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 16 стационардың тоғызы жабылды

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, қазір қалада ахуал жақсарды.

Нұр-Сұлтандағы індеттің өрбуі кезінде халыққа медицина көмегін ұйымдастыру үшін 16 емдеу мекемесі тартылды. Бүгінде 9 стационарды жауып отырмыз. Бірінші соққы әрдайым жедел жәрдем қызметі мен амбулатор емхана қызметіне тиеді. Біз осы орайда қазір жедел жәрдемнің материал-техника базасын нығайтып келеміз. Бүгінде 100-ге жететін бригадалардың санын қызметтің өзінде көбейтуге мүмкіндік туып отыр. Қалалық емханаларда шұғыл көмек беру бөлімшелерінде қазірдің өзінде 60 бригада бар,- деді Тимур Мұратов.

Коронавирус бары расталған пациенттер саны 2000-нан 95-ке немесе 14 есе, пневмониямен ауырғандар 1333-тен 176-ға немесе 7 есе азайған.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Нұр-Сұлтанда 13 678 адам коронавирус жұқтырған.