Басты бетҚоғамЖалағашта күріш...

Жалағашта күріш ақтау цехының құрылысы басталды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылында күріш ақтау және құрама жем өндіру цехының құрылысы басталды.

«Бірлік Агро» шаруа қожалығының төрағасы, кәсіпкер Мұрат Елеусінов кәсібін ұлғайту, өндіріс аясын кеңейту мақсатында жеке қаражаты есебінен цех құрылысын қолға алды. Цехтың жалпы құны — 30 миллион теңге.

Мемлекеттік қолдау ретінде ауылдық округ аумағынан цехқа көлемі 3 гектар жер берілді.

Құрылыс биыл қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба толығымен жүзеге асқаннан кейін ауыл азаматтары тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.