Президент: Коронавирустан қайтыс болғандардың қазасы қабырғама батты

Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан әкетіп жатыр, — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Президент даңқты палуан, қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған.

Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары, — деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті екенін ескертті.

Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медицина мекемеcінің басты міндеті — өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес, — деп жазды Президент.