Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын, — деп жазды ол.
Ол Facebook-парақшасына Қосман Айтмұхаметовтің соңғы сұхбатын жариялады.
Последнее интервью Косман Каиртаевича.
Опубликовано Сакеном Калкамановым Среда, 15 июля 2020 г.
Президенттің көмекшісі әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Facebook-те Қосман Айтмұхаметовтің өліміне коронавирус себеп болғанын жазды.
Өкінішке қарай, коронавирус құрбандары күн сайын көбейіп жатыр. Дүниежүзі бойынша. Біздің елде де. Міне, тағы бір қаралы хабар жетті — Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, Нұр-Сұлтан әкімінің бұрынғы орынбасары Қосман Айтмұхаметов өмірден өтті, — деп жазды Әсет Исекешев.
Қосман Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысы Ерейментау ауданы Бестөбе ауылында туған. Ол Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне 2019 жылдың ақпанында тағайындалған.
Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров пневмониядан қайтыс болғаны хабарланған еді.
