Амандық Баталовтың орынбасары қайтыс болды

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлы екі өкпенің қабынуынан мезгілсіз көз жұмды. Марқұмның туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, — деп жазды Ғалымұрат Жүкел.

Серікжан Бескемпіров 1960 жылы Талдықорған облысының Үштөбе қаласында дүниеге келген. Ол 2012 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, бүгін, 10 шілдеде Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те пневмониядан қайтыс болды. Ол 2019 жылдан бастап Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды.