Қызылордаға көршілес мемлекеттерден дәрілік препараттар жеткізіледі

Аймаққа медициналық препараттар мен дәрілік заттарды жеткізу үшін көрші мемлекеттермен қарым-қатынас орнатылды.

Өзбекстаннан 150 миллион теңге шамасында дәрілік зат әкелуге келісімшарт жасалды. Ал Ресей мен Катар елінен келген дәрі-дәрмек жуық арада ауруханаларға, қала мен аудан орталықтарындағы дәріханаларға жеткізіледі. «СК-Фармация» тарапынан берілген өтінімге сәйкес аймақтағы инфекциялық және провизор стационарларға қажет дәрілік заттар уақытында жеткізіліп жатыр. Амбулаторлық жағдайдағы дәрілік заттарға аурудың көбеюіне байланысты барлық емхана қосымша өтінім берді.

Денсаулық сақтау министрлігі бекітілген емдеу және диагностикалау хаттамаларына сәйкес антибиотиктер амбулаториялық жағдайда нақтыланған пневмония диагнозы қойылған науқастарға тегін беріледі.