Ерхат Есқалиев «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы болып тағайындалды

ҚР Премьер-министрінің келісімімен Есқалиев Ерхат Серікұлы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ерхат Есқалиев 1976 жылы Алматыда туған. «Братьев Карич» университетінің Банк ісі және сауда академиясын, Әділет Жоғары құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін, Халықаралық бизнес мектебін бітірген.

  • 1999-2003 жылдар аралығында Атырау облысы әкімдігінде, Мемлекеттік кіріс министрлігінде, Қаржы министрлігінде, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясында  жұмыс істеді.
  • 2003-2006 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарушы директоры.
  • 2006-2008 жылдары «ҚДБ-ЛИЗИНГ» АҚ басқарма төрағасы.
  • 2008-2009 жылдары «ҚАЗТЕМІРТРАНС» президенті.
  • 2009-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі.
  • 2010-2011 жылдары «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ президент кеңесшісі.
  • 2011-2013 жылдары «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті.
  • 2013-2015 жылдары KAZLOGISTICS «Қазақстан көлік одағы» ЗТБ бас директоры.
  • 2015-2016 жылдары «Біріккен көлік-логистикалық Компания» ААҚ бірінші вице-президенті.
  • 2016-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Көлік және логистика салалық дирекциясының директоры.
  • 2018 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік логистикасы ішкі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Бұған дейін «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың өтініші негізінде қызметінен босатылғаны хабарланған еді.