Ирландиялық Майк Маккормек бір сөйлемі 223 бет болатын роман жазды

Голдсмит университетінің әдебиет саласы бойынша тағайындаған сыйлыққа ирландиялық Майк Маккормик ие болды. Оның«Solar Bones» атты романы Маркус Конвей есімді инженер туралы жазылған. Ерекшелігі — роман 223 бет болатын бір ғана сөйлемнен тұрады.

 «Қазіргі оқырмандар ақылды. Олар осындай туындыларға дайын», — деп өз пікірімен бөлісті Маккормик.

51 жастағы жазушы шығармашылықпен 20 жыл бойы айналысып келеді. Осы романы үшін ол 10 мың фунт стерлинг сыйақы алды. Айта кетйік, Маккормик —  Ирландияның көлемді марапатқа ие болған үшінші жазушысы.

ДереккөзҚазАқпарат