Басты бетҚоғамАлматыда қонақүй...

Алматыда қонақүй мен тамақтану орындары 25 мамырда ашылады

Алматы әкімінің қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, қазір мегаполис кәсіпкерлерімен тамақтану орындары және қонақүйлерді кезең-кезеңімен іске қосу мәселесі талқыланып жатыр.

Алматыда вирус жұқтыру қаупі бар топты жаппай тестілеу және инфекцияның жасырын ошақтарын анықтау жалғасып жатқанын ескерсек, 18 мамырда қаладағы діни ғимараттарға  баруға қойылған шектеулерді алуға әлі ерте, — делінген хабарламада.

Солайша, бұл нысандарды 25 мамырда ашу ұйғарылды. Іске қосылатын барлық нысан жаңа талаптарға сай жұмыс істеуі қажет — арақашықтық ұстау, жұмыс орындарындағы қатаң санитарлық режим және тағы басқалары сақталуға тиіс. Бұл ретте жұмысқа қажет қызметкерлер санын осы ұйымдардың жетекшілері өзі анықтайды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл нысандар жұмысын 25 мамырдан емес, 18 мамырдан бастайтыны хабарланған еді.