Астана қаласында туған 25 мыңыншы сәбиге сыйлық берілді

Ведомствоның мәліметінше, сәбидің салмағы — 2688 грамм, ал бойы — 48 сантиметр. Ата-аналары әлі сәбиге есімін бермепті. Жаңа туған сәбидің анасы Әсем Жанайдарова 39 жаста, ол колледжде информатика пәнінен сабақ береді. Ал бұл сәби отбасындағы төртінші бала екен. Үлкен қызының жасы 19-да, екінші қызының жасы 13-те болса, ұлының жасы 6-да екен.

Сыйлық коляска, автокресло

Дереккөзtengrinews.kz