Биыл наурыздың соңында елімізде әйелдер шашын қию қызметінің орташа құны 1,9 мың теңге болған. Бұл ақпан айына қарағанда 0,4%, былтырғы наурызға қарағанда 4,8% жоғары. Шаштараздың бұл қызметі республика бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтанда аса қымбат. Алматыда орташа есеппен қызмет құны — 4,7 мың теңге, Нұр-Сұлтанда 4000 теңге.

Шаш қию

Қазақстанда ерлер шашын қию қызметі бұдан әлдеқайда арзан. Қызметтің орташа құны — 1,3 мың теңге, көрсеткіш бір айда 0,5%, бір жылда 6,6% өскен. Бұл қызмет түрі де Алматы мен Нұр-Сұлтанда қымбат. Алматыда қызмет құны — 2,8 мың теңге, Нұр-Сұлтанда 2,1 мың теңге.

Шаш қию

Шаштараз қызметі бір айда жалпы 0,2%, бір жылда 5,2% қымбаттаған.

Еске салайық, Қазақстанда карантин режимінен соң 4 мамырдан бері шаштараздарға жұмысқа кірісуге рұқсат берілді. Сұлулық салондары әлі ашыла қойған жоқ.