Басты бет Таным Шашты жылдам өсіруге арналған 12 кеңес

Шашты жылдам өсіруге арналған 12 кеңес

Жасанды шаш өсіру, таңғажайып дәрілер мен салондағы процедуралар жайлы ұмытыңыз.

1. Шашыңызды күнде жумаңыз

Сусабын тек кірді ғана емес, бас терісін ылғалдандырып тұратын майды да кетіреді. Сол себепті жиі шаш жуудың нәтижесінде табиғи жылтырлық азайып, шаш әлсіз болып кетеді.

Сондай-ақ, жиі жуғаннан шаш тез ластануға бейім болады. Нәтижесінде күнделікті жуылған шаш күйзеліс күйіне көшеді.

Дұрысы, шашты аптасына екі-үш реттен көп жумау керек.

2. Сульфатсыз сусабындарды қолданыңыз

Сульфатсыз сусабындар құрамында SLS (Sodium Lauryl Sulfate) және SLES (Sodium Laureth Sulfate) деген заттар болмайды. Сульфаттардың көмегімен көпіршік пайда болады, ал сульфаты жоқ сусабындар табиғи компоненттермен нәрлендіреді.

Дегенмен, мұндай сусабындардың да кемшілігі жоқ емес. Жоғарыда айтқанымыздай, олар дұрыстап көпіршімейді. Алайда сау шашты шынымен қаласаңыз, бұған үйренуіңіз оңай болмақ.

Қандай сусабын таңдасаңыз да, оны тек шаш түбіріне ғана жағыңыз. Қалған ұзындығына сумен шайып жақсаңыз болады. 

3. Ыстық судан бас тартыңыз

Су температурасын тым құрығанда шашты шаю кезінде төмендеткеніңіз жөн. Салқын су шаштың үлпілдеп, жылтырап тұруына көмектеседі.

Кондиционер немесе бальзамды қолдануға кеңес береміз. Олардың құрамындағы пайдалы заттар (май, протеин, минерал) шашқа оң әсерін береді. Алайда мұндай өнімдерді бас терісіне емес, шаштың ұшы мен ұзындығына ғана жаққаныңыз дұрыс.

4. Маскаларды пайдаланыңыз

Шашқа арналған маскаларды аптасына екі реттен кем емес қолданып отыру қажет. Бірақ шаш тым сынғыш әрі құрғақ болса, процедура санын арттыруға да болады.

Қандай маскаларды таңдаған дұрыс?

Маскалардың құрамында табиғи компоненттердің көбірек болуына мән беріңіз. Әсіресе, май мөлшері аз болмағаны жөн.

Масканы алдымен шаштың ұшына, одан кейін бас терісіне 10 см жетпей, ұзындығына жағыңыз. Шаш түбірі майды қажет етпейді, сол себепті оны тым қатты майландыруға болмайды.

Үй жағдайында маскаларды қалай жасау керек?

Маскаларды өз қолыңызбен жасап алсаңыз болады. Алайда тексерілген рецептерді пайдаланғаныңыз жөн. Мысалы, шашты жұмсарту үшін айран маскасын пайдалансаңыз болады. Ол үшін сізге майлылығы төмен, жылытылған бір стақан айран қажет. Оны шаш түбірінен бастап, ұзындығы, ұшына дейін түгел жағып шығыңыз. Басыңызға полиэтилен байлап алсаңыз болады. Осы күйде 30–40 минут ұстаңыз. Одан кейін сусабынмен жеңілдетіп шайып алыңыз.

Сан жылдардан бері ханымдардың көңілінен шығып келе жатқан масканың бірі балмен жасалады. Бал маскасын жасау үшін жұмыртқаның сарысын, бір ас қасық балды және лимон шырынының тамшысын араластырыңыз. Масканы таза шашқа жағыңыз. Бір сағаттан кейін жуып тастаңыз. 

5. Қандай маскалар шашты өсіреді?

Шашты жылдам өсіруге жәрдемдесетін маскаларды да өзіңіз жасап алсаңыз болады.  Шаш өсіретін маскалар құрамында қыша ұнтағы болуы тиіс. Соның бір мысалын айтып өтейік. Масканы жасау үшін сізге мына заттар қажет:

  • Екі ас қасық құрғақ қыша ұнтағы;
  • Екі ас қасық ыстық су;
  • Бір жұмыртқаның сарысы;
  • Екі ас қасық зейтүн майы;
  • Бір ас қасық қант.

Біркелкі болғанға дейін барлығын бірге араластырыңыз. Одан кейін масканы шаш түбіріне жағыңыз. Шаштың күйіне байланысты масканы 15 минуттан бір сағатқа дейін ұстауға болады. Одан кейін шашыңызды сусабынмен жуып, кондиционер жағыңыз.

7. Фен, үтікті қолданбаңыз

«Фен, үтіктен бас тарту — ең пайдалы маскаларды қолданумен бірдей» деп айтсақ, қателеспеген болар едік. Шашты ыстық ауамен жиі кептіру оған ең үлкен зиянын тигізеді. Ал 200 градусқа дейін қызатын үтік, плойкалар шаш ұшын «өлтіріп» тастайды.

Сол себепті шашты табиғи жолмен кептіргеніңіз дұрыс.

8. Су шашты орамалмен ұзақ орамаңыз

Жуған соң, шашты қатты сықпау керек.

Мамандардың нұсқауынша, су шашты орамалмен ұзақ орауға болмайды. Оның барынша ауада кепкені жөн.

10. Дымқыл шашпен ұйықтамаңыз

Кептіруге шамаңыз болмаса да, дымқыл шашпен ұйықтай салмаңыз.

Біріншіден, дымқыл күйдегі шаш ұштары жастыққа үйкелген соң, сынғыш болады. Екіншіден, оянғанда шашыңыз айқұш-ұйқыш болып тұрады. Нәтижесінде бірден үтікке қол созасыз.

11. Шаш ұшын жиі қиыңыз

Шаш өсіруді қалайтын адамның әр миллиметрді сақтауға тырысуы заңды. Алайда ол шаш ұшын айына бір рет қидыртуға бөгет болмауы тиіс.

12. Балық, жеміс-жидектер мен көкөністерді жиі жеңіз

Арқан балық, тунец, скумбрия тәрізді балықтарды жеу шашқа оң әсерін береді. Олар ақуыз бен омега-3 қышқылына бай.

Құрамында темірі көп жемістер мен көкөністерді жиі жеңіз. Олар: алма, орамжапырақ, асқабақ, т.б.

Суды жеткілікті мөлшерде ішіп жүру де шаштың өсуіне септігін тигізеді.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!