Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Әнші Нұрлан Өнербайдың анасы қайтыс болды

Нұрлан Өнербай/Фото Іnstagram парақшасынан

Не болды?

Әнші Нұрлан Өнербайдың анасы қайтыс болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Нұрлан Өнербай анасы қайтыс болғаны туралы хабарды Instagram парақшасына жариялады.

«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жас жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым», — деп жазды әнші.

Әншінің анасы 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

«Анашым» әні — көпшіліктің жүрегінен орын алған туынды

Шет жүрсем — сағынарым,
Жабықсам — шағынарым.
Анашым, бір өзіңсің,
Табынарым.

Нұрлан Өнербайдың репертуарындағы «Анашым» деген ән — көпшіліктің жүрегінен орын алған туынды. Бұл әннің сөзін Қайрат Жұмағалиев, әнін Марат Омаров жазған.

Мақалаға реакция