Қазақстанда шаштараз бен сұлулық салоны қызметі қымбаттады. 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қызмет бағасы 2018 жылдың сондай кезеңіне қарағанда 6,3% өскен. Бұл мәліметті Energyprom.kz зерттеушілері жария етті.

Секторда қызмет қымбаттағанымен өндіріс көлемі азайған: 2019 жылдың 3 тоқсанында 16,2 миллиард теңгенің қызметі көрсетілген, былтырғы 3 тоқсанда көрсеткіш 20,8 миллиард теңге болды.

Биылғы 16,2 миллиард теңгенің 13,8 миллиарды – халықтың қаражаты. Былтыр клиенттердің есебінен 18,4 миллиард теңгенің қызметі көрсетілген еді.

Energyprom.kz зерттеушілерінің мәліметінше, 2018 жылы сектордағы қызмет 7,2% қымбаттаған. Дегенмен шаштараз бен сұлулық салоны қызметі күрт қымбаттаған кез бұл емес, соңғы рет 2014 жылы баға бірден 11,6% көтерілген.

шаштараз