Боксқа оралуыма Головкин себеп болды — Мэнни Пакьяо

Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Бруктің жекпе-жегін көрген Пакьяо боксқа оралу туралы шешім қабылдады.

«GGG-дің Брукпен қалай жекпе-жек өткізіп жатқанын көріп отырып, аяқ асты қамығып, өзімді жалғыз сезініп қалдым. Мен үнемі енді ринге шықпайтынымды ойлап жүретінмін. Менде әлі де жылдамдық, соққы күші мен ынта бар. Сосын өзіме сұрақ қойдым: «Неге мен жекпе-жектерімді жалғастыра бермеймін?».

Айта кетейік, 5 қарашада Лас-Вегаста Пакьяо америкалық боксшы Джесси Варгаспен кездесу өткізеді.

Дереккөзvesti.kz