Ресей мен Жапонияның достығын қаламайтындар бар — Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев сұхбатта өңірлік геосаяси үдерістегі республикамыздың рөлі және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімеледі.

«Мен қазір өте жақсы байланыстар, келіссөздер жүріп жатқанын білемін.  Мұны,  Жапониямен сенімге негізделген  қарым-қатынастың болуын Путиннің, Ресейдің қалайтындығын нақты білемін.  Сіздердің араларыңызда аралдарға байланысты үнемі мәселе көтеріліп келеді. Білесіздер ме, көптеген елде мұндай шешілмеген мәселелер бар.  Олар жақсы, тату, сенімге негізделген қарым-қатынастар арқылы шешіледі.  Егер Ресей мен Жапония жақсы экономикалық байланыстар, сенім орнатып,  достық, өзара сауда-саттық туралы шарт жасасатын болса өзге проблемалар да шешіледі. Мен бұған сенімдімін. Өйткені, ол жерде экономикадан гөрі саясат басым еді. Сіздердің тараптарыңыздан да, бұл тараптан да текетірес жоғары  болды. Ресей мен Жапонияның жақындасқанын қаламайтын өзге де ойыншылар да бар. Сондықтан да қазіргі уақыттағы жұмыстар дұрыс бағытта өрбіп келеді»,-  деді Назарбаев.

Айта кетейік, NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігі Жапониядағы және жаһандық ақпарат кеңістігіндегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары болып саналады.

ДереккөзAkordaPress