Коронавирус жұқтырған науқас 1 наурыз күні Нур-Cултаннан Атырауға келген. 26 наурызда вирус жұқтырудың белгілері байқалып, анализ алынды. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды.
Екінші науқас 17 наурызда Стамбулдан Алматыға, сосын Алматыдан Атырауға ұшып келген.
Үшіншісі 26 наурызда Амстердамнан ұшып келген. Ол бірден карантинге жатқызылып, анализі алынды. Тест нәтижесі оның да вирус жұқтырғанын анықтады.
Үшеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Протоколға сай емделіп жатыр. Жағдай бақылауда. Бәріңізді сақтануға шақырамыз. Өзіміз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі әрқайсымызға байланысты. Адам көп жерге бармай, гигиенаны сақтауыңызды, жағдайға түсіністікпен қарауыңызды сұраймын, — деді Байтолла Ғазизов.
Осыған дейін Атырау облысында үш адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.