Басты бетҚоғамҚазақстандағы COVID-19:...

Қазақстандағы COVID-19: Павлодар облысында бірінші науқас тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған бір адам Павлодар облысында тіркелді.

Сонымен Нұр-Сұлтан бойынша 60 адам, Алматыда 48 адам, Қарағандыда 4, Шымкентте 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, Атырау облысында 3 адам және Павлодар облысында 1 науқас бар. Барлығы 125 адам коронавирус жұқтырды. Оның екеуі жазылып, бір адам қайтыс болды.

Осыған дейін Атырау облысында үш адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы хабарланған еді.