Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған үш адам Атырау облысында тіркелді.

Қазір Нұр-Сұлтан бойынша 60 адам, Алматыда 48 адам, Қарағандыда 4, Шымкентте 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам және Атырау облысында 3 науқас бар. Барлығы 124 адам коронавирус жұқтырды. Оның екеуі жазылып, бір адам қайтыс болды.

Бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған бір адам Алматыда тіркелгені туралы хабарланған еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да