Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қаланың жұқпалы аурулар стационарында 47 адам бар. Бір адам жазылып шықты. Жаңадан анықталған бес адамның төртеуі 26 наурызда Минск-Алматы рейсімен ұшып келген. Екеуі 26 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген.
Ауырғандардың бірі 15 наурызда Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келіп, 18 наурызда жақын байланыс жасаушы ретінде оқшауланған. Бастапқы талдау қорытындысы теріс нәтиже берген. 26 наурызда талдауды қайта тапсырған кезде оң нәтиже шықты. Осы уақыт бойы ол оқшауланды, — деді Тілеухан Әбілдаев.
Бүгінде 45 науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
Өкпенің жасанды желдету аппаратындағы әйелдің жағдайы ауыр, бір баланың жағдайы орташа дәрежеде жақсарып келеді, — деді басқарма басшысы.
Алматыдағы бір пациент ауруханадан шыққан. Оның жағдайын дәрігерлер 14 күн бақылайды.