Алматыда тағы бір адам коронавирус жұқтырды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам Алматыда тіркелді.

Қазір Нұр-Сұлтан бойынша 60 адам, Алматыда 48 адам, Қарағандыда 4, Шымкентте 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 науқас бар. Барлығы – 121 адам.

Бұған дейін Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелгені хабарланған еді.