Басты бетЖаңалықтарЕлімізде коронавирустан...

Елімізде коронавирустан жазылған екі пациент үйіне шығарылды

Жазылғандардың бірі Нұр-Сұлтанда, екіншісі Алматыда емделіп шықты. Министрдің айтуынша, емделушілер мұндай қауіпті инфекциямен ауырғанын жұрттың білгенін қаламайды. Олар — Қазақстан азаматтары, екі емделушінің дені-басы сау.

Жазылып шыққандар өздері туралы ақпараттың жарияланбауына құқы бар. Емделушілер туралы ақпарат тапқан күннің өзінде олардың рұқсатынсыз, тіпті жазбаша рұқсатынсыз жарияламауды сұраймыз. Олардың қалай емделгенін дәрігерлер журналистерге айтып береді, — деді Дәурен Абаев.

Министр елде Төтенше жағдай басталғалы Қылмыстық кодектсің 214-бабы бойынша (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет туралы) 15 тергеу амалдары басталғанын да айтты. Мұндай дерек Нұр-сұлтан мен Алматыда және Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында анықталған.

Дәурен Абаев. Tengri TV каналының скриншоты

Елордада және Ақтөбе облысында бетперде мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапкерлішікке тартылды. Осы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша 4 миллион бетперде мен 13 мың литр антисептик тәркіленіп, қазір денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр, — деді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша, төтенше жағдайдың маңыздылығын түсінбеген адамдар карантинге жабылған мекемелерге кірмекші болған.

Кеше төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 137 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 89-ы тұтқындалды. Олардың бәрі ісінің заңға қайшы екенін мойындады. Мысалы, Қарағандыда карантинде жатқан бұрынғы жұбайымен жолығу үшін ауруханаға кірмекші болған азамат 10 күнге тұтқындалды. Жұбайы Германиядан келген, — деді спикер.

Айта кетейік, 26 наурыз күнгі 16.20 сағаттағы Қазақстанда вирус жұқтырған науқастардың жалпы саны 109 болды.