Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы алты адам Нұр-Сұлтанда, алты адам Алматыда анықталды.

26 наурыз күнгі 16.20 сағаттағы Қазақстанда вирус жұқтырған науқастардың жалпы саны 109 болды.

Нұр-Сұлтан бойынша 61 адам, Алматыда 40 адам, Қарағандыда екі, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте екі адам, Жамбыл облысында бір адам және Солтүстік Қазақстан облысында бір науқас бар.

Бұл — 26 наурыз күні коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың үшінші көрсеткіші. Бұған дейін олардың саны 97 болғаны хабарланған еді.