Қызылорда ғалымдары антисептик сұйықтық әзірледі

Жергілікті ғалымдар вирусқа және бактерияға қарсы антисептик сұйықтық әзірлеп шықты. Патент авторы, институт директоры Нұрбол Аппазовтың айтуынша, сұйықтық бар-жоғы 10 күннің ішінде дайын болған.

Нұрбол Аппазов
Нұрбол Аппазов. Фото жеке архивтен

Сұйықтық хош иіске ие. Қолды кептірмейді, керісінше жақпа май сияқты ылғалдандырғыш. Антисептик әсері кемінде бір сағатқа дейін сақталады, 2-3 сағатқа дейін қасиетін жоғалтпайды. Этанол, глицерин, дистилденген су және эфир майларынан әзірленген сұйықтықты бетпердеге сеуіп, кептіріп киюге де болады, — дейді патент авторы Нұрбол Аппазов.

Осы күнге дейін институт ұжымы 20 литр антисептик сұйықтық дайындап шығарды. Алдағы уақытта оның көлемін көбейтуді жоспарлап отыр. Әр флаконның көлемі 30 миллилитрге арнап жасалған. Демек, әр адамға есептеп шаққанда 30 миллилитр сұйықтықты 20 күнге дейін пайдалануға болады.

Қызылорда ғалымы Нұрбол Аппазов — 230-дан астам ғылыми еңбектің авторы.