Басты бет / Жаңалықтар /
18534542be6450c8ae8197a1d3791cba Шымкентте автовокзалдар жабылып жатыр
Фото: Yandex.kz

Шымкентте автовокзалдар жабылып жатыр

Otyrar.kz сайты хабарлауынша, 26 наурыздан бастап қаладағы «Самал», «Бекжан» және «Айна» автовокзалдарына автобустарды енді кіргізбейді. Оған қоса, қаладағы қоғамдық көлік саны 25% азайды.

Қала әкімі тапсырмасына сәйкес, жүргізушілер мен кондукторларға жұмысқа бетпердесіз келуге құқы жоқ. Оған қоса, әр маршруттан соң автобустар дезинфекциялануы керек. Жолаушыларға да бетперде киюге кеңес беріледі, — деп жазды Otyrar.kz сайты.

Автовокзалдар қашан ашылып, транспорт жұмысын бұрынғы режимде қашан бастайтыны әзірше белгісіз.

Айта кетейік, 25 наурызда Шымкентте тағы бір коронавирус жұқтырған адам анықталған еді. Елімізде науқастар саны 97-ге жетті.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook