Шымкентте тағы бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Шымкентте коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам тіркелді.

25 наурыз күнгі 16.40-тағы Қазақстанда науқастардың жалпы саны 80 болды.

Нұр-Сұлтан бойынша 41 адам, Алматыда 31 адам, Қарағандыда екі, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте екі адам, Жамбыл облысында бір адам және Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 79-ға жеткені хабарланған еді.