Қазақстанда БАҚ туралы заңға түзетулер енгізілуі мүмкін

Заң жобасында журналистерді ақпараттың шынайылығын тексеріп, жеке басына қатысты мәліметтері жарияланатын адамнан немесе өкілінен оның жеке бас мәліметтерін жариялауға жазбаша рұқсат алуға міндеттеу қарастырылған. Жеке адамның ресми және ақпараттық хабарламаларда келтірілген мәліметтерін жариялауға шектеу қойылмайды.

Өзгерістер төрт кодекс пен 12 заңға, соның ішінде «Жарнама туралы», «Байланыс туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Пошта туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарға енгізу қарастырылған. Бұл заң жобасының тұжырымдамасы қыркүйекте электрондық үкімет сайтында жарияланған еді.

ДереккөзCentral Asian