Басты бетЖаңалықтарСейсенбіде батыстан...

Сейсенбіде батыстан басқа өңірлерде қар жауады

Батыста күн жауын-шашынсыз болады. Өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамы бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел екпіні секундына 30 метрден асады, боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Нұр-Сұлтанда боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде боран соғады, тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар облысында кей жерде боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Алматы облысында жолдарды күртік қар басып, көктайғақ болады, Батыс Қазақстан облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматыда тұман түседі, көктайғақ болады, жолдарды күртік қар басады, тауда қар көшкіні қаупі бар. Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында кей жерде тұман түседі. Ақтөбе облысында да кей жерде тұман түседі, жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.