Зейнетақы жинағындағы қаражатты шешіп алуға бола ма?

“БЖЗҚ” АҚ өңірлік желілерді дамыту департаментінің директоры Наталья Павловскаяның айтуынша, зейненақы қорындағы қаражатты тек ерікті түрде салған 50 жастан асқан азаматтар ғана шешіп ала алады.

“зейнетақының басты міндеті – қартайғандағы өмірді қамтамасыз ету. Егер жинақты ерте жұмсап тастауға мүмкіндік берсек, біз міндетімізді дұрыс атқармаған болар едік”, – дейді директор.

Оның айтуынша, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің ішінде әйел адамдар 50 жастан, ерлер 55 жастан бастап зейнетақы салымдарын уақытынан бұрын ала алады.

ДереккөзNaryk.kz