Коронавирус белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі;
  • тұмау;
  • бас ауруы;
  • жөтел;
  • тамақ ауруы;
  • әлсіздік;
  • іш өту.

* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.

Инкубация кезеңі — 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.

Диагностика

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:

  • қан анализін;
  • несеп анализін;
  • лаборатория зерттеулерін;
  • ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.

Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Инфекцияның берілу жолдары:

  • көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;
  • тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)

Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.

Профилактика шаралары:

— қол және тынысалу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы сабынмен мұқият жуу, сабын болмаса, антисептиктерді, спиртті, санитайзерлерді қолдану;

— иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;

— бөлмені желдету;

— жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;

— тынысалу органдарының шырышты қабығы қабынған адамдармен қарым-қатынас жасамау;

коронавирус тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;

— адам көп жиналатын жерлерден алшақ болу.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!