жөтел
Фото: Zadovoljna.dnevnik.hr
  • Жөтелгенде немесе түшкіргенде жаныңыздағы адамдардан теріс айналып, басты еңкейткен дұрыс. Сол кезде ауызды сүлгімен, майлықпен жабу керек. Пайдаланылған майлықты дереу қоқысқа тастауды ұмытпаңыз.
  • Қақырықты жөтел кезінде кез келген жерге емес, пакетке, майлыққа немесе сүлгіге түкірген абзал. Көшеде қақырып-түкіру айналадағы адамдардың ашуына тиіп қана қоймай, қоршаған ортаға вирус таратуы мүмкін.
жөтел
Фото: Pro-kashel.ru
  • Сүлгі, майлық болмай қалса, жұдырыққа жөтелген дұрыс емес. Дұрысы — ауызды сол қолдың сыртымен немесе шынтақпен жабу.
  • Вирус жұқтырған адам басқалармен қарым-қатынас жасамауы керек. Кем дегенде 3 күн үйде жатып, емделгені жөн.
  • Қолды жиі жуу көп қатерден сақтайды. Қолмен бетті, мұрынды, көзді ұстамауға тырысыңыз. Себебі қолдағы вирус көзге жұғуы мүмкін. Жөтеліп, түшкіргеннен кейін қолды бірден жуу — негізгі этика.

Жөтел пайда болса, оның себебімен дереу күресіп, тағы бір ауру жұқтырып алмаудың амалын жасаңыз. Сонымен бірге жөтел кезінде тынысалу жолдары тазаратынын да білу керек.