26-28 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады?

Тұман, көктайғақ, жауын-шашын мен боран. «Қазгидромет» мамандарының 26-28 желтоқсан күндеріндегі ауа райына жасаған болжамы осындай.

Мамандардың мәліметінше, республиканың шығыс облыстарына Батыс Сібірден суық атмосфера фронты ығысады, оның артынан Кар теңізі аудандарынан кезекті антициклон жылжиды.

Фронт қар мен боранға, антициклон суық түсуіне себеп болады. Ал Қазақстанның батысына Қара теңіз бен Жерорта теңізінен атмосфера фронтымен бірге жылы әрі дымқыл ауа келеді. Сондықтан өңірде ауа температурасы көтеріледі, бірақ жауын-шашын мен тұман түседі, көктайғақ болады, күшті жел мен боран соғады, — деп хабарлады синоптиктер.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да